«ТҰРҒЫНДАРҒА ОҢТАЙЛЫ ШАРТ ҰСЫНУДЫ ҚАРАСТЫРЫҢЫЗДАР»

1  442 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Н.ТҰРАШБЕКОВ:

«ТҰРҒЫНДАРҒА ОҢТАЙЛЫ ШАРТ ҰСЫНУДЫ ҚАРАСТЫРЫҢЫЗДАР»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков осы аптада өткен аппарат мәжілісінде сала мамандарына осындай тапсырма берді. Ол өз сөзінде тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіне арнайы тоқталып:

– 6 сектор бойынша атқарылған жұмыстар жеке бақылауымда болатынын ескертемін. Түсіндірме жұмыстары тек тұрғындар арасында емес, газ кіргізетін компаниялар ара-сында да жүргізілуі қажет. Мүмкін-діктерді ескеру арқылы азаматтарға оңтайлы шарт ұсынуды біріге отырып қарастырыңыздар. Қыстың қамын жаз ойлаған абзал, – деді.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада жауапты мамандар қаланың 6 секторындағы 294 көшені аралап, тұрғындармен кездескен. Азаматтарға сала өкілдерінің тарапынан құжаттарды әзірлеу бойынша кеңес беріліп, шарттар түсіндірілді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында мобильді топ жұмысы, тұрғындардың вакцинамен қамтылу сатысы сараланып, тиісті тапсырмалар берілді. Әкімдікке жолданған ұсыныстар мен өтініштердің қаралу деңгейі де зерделенді. Қала басшысы әсіресе «109» бірыңғай байланыс орталығына түсетін шағымдарға жедел әрекет ету қажеттігін ерекше атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы