- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан тарихында қазақ халқының егеменді мемлекет болған жаңа рәміздерін 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді. Сол күннен бүгінгі күнге дейін міне 29 жыл уақыт өтті. 29 жыл желбіреген туымыздың астында қазақ халқы тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Туымызды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі.
Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске салады. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табылады. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар, өмірлеріндегі ажырамас бөлігі болатын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тіліне аударғанда «Шығыс» мағынасын беріп, осылай тудың түсі географиялық ақпараттың тасушысы ретінде де қолданылады. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасып, шығыс мәдениетінің өкілі болатынын білдіреді. Мемлекеттік туымыздың авторы еліміздің өнер қайраткері − Шәкен Ниязбеков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің негізін салушылардың бірі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі. Мемлекеттік Елтаңбамыз – дөңгелек нысанды. Дөңгелек, шығыс қазақтарының аса құрметінде, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін, бұқаның күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың, еңбектің және материалдық ырыстың белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың қорытпасы болып табылады. Әнұранның авторлары Шәмші Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстан болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасына айналып кетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы. Біздің мақтанышымыз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері туралы Елбасы Н.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» – деген екен.
Иә, қорытындылай келе айтар сөзім Тәуелсіздігімізді әлемге паш еткен қазақ деген елді, осы отырған әрқай-сымызды танытатын бірден-бір құрал-ол мемлекеттік нышандар Ту, Елтаңба, Әнұран. Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнама-ға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет. Ел болашағы жастары-мыздың бойына осы елдік белгілерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет деп білемін.
Меруерт АБУОВА,
қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.