ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

576 көрілім

«Темір жол – ел экономикасының күретамыры» деген қағида әлі де маңызын жойған жоқ, тіпті, бұрынғыдан да арта түсті деуге болады. Өйткені, тәуелсіз мемлекетіміздің іргелі бір саласы атанып отыр. Бүгінде болат жолдың бойында талай ауқымды істер атқарылып жатыр.

Түркістан темір жол вокзалы – еліміздің ірі кәсіпорыны саналуымен бірге, Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуда стратегиялық маңызға ие болып отыр. Атқаратын жұмыс көлемі бойынша аумағы да, ауқымы да кең, соған орай жұмыс көлемі де үлкен әрі күрделі. Қасиетті өңір еліміздегі туристік орталық болғандықтан еліміздің түкпір түкпірінен азаматтар көптеп келеді. Қасиетті мекен арқылы темір жол тасымалының атқарар жүгі орасан зор болып табылады.

Темір жол қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Түркістан темір жол вокзалына «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының консультанты Ә.Исабеков, аталмыш партияның сыбайлас жемқорлық іс-қимыл жөніндегі алқа мүшесі П.Досыбеков арнайы барып, теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Темір жол вокзалында көп жылдардан бері мінсіз қызмет етіп келе жатқан аға кассир Несіпкүл Тұрабаеваны «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының алғыс хатымен марапаттап, естелік суретке түсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы