9 ЖАСАР БАЛАБИДІҢ ТУУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТЫ РӘСІМДЕЛЕТІН БОЛДЫ

1  085 көрілім

2021 жылы 12 шілдеде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, партияның фракция мүшесі Қ.Абасовтың жеке қоғамдық қабылдауына Б.Жұмабекова арнайы келіп, ұлының осы уақытқа дейін туу туралы куәлігінің жоқтығын, осы мәселені шешіп беруін өтінген болатын.

Осыған орай, 2021 жылы 22 шілде күні «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында жоғарыда айтылған мәселе жөнінде салалық қоғамдық қабылдау өткізілді. Аталмыш жиынды партияның Түркістан қалалық филиалының консультанты, қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әнуарбек Исабеков ашып, жүргізіп отырды.

Оған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің эксперті Б.Әшірбаев, Түркістан облыстық әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Пирметов, Түркістан қалалық көші-қон полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Б.Байбосын, Түркістан қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Ж.Кенжеғұлов, Түркістан қалалық әкімдігінің адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.Құлбайымбетова және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салалық қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғыны Бахыт Жұмабекова өзінің негізгі мәселесін көтеріп, ұлын қойшы ауылда дүниеге алып келгенін, сол кезде құжатын жасатуға ешқандай мүмкіндігі болмағанын, ауруханаға апарса туу туралы құжаты жоқ деп қабылдамайтынын алға тартып, көмек көрсетуін сұрады. Тиісті сала өкілдері өз тараптарынан заң аясында кеңестерін берді. Ал, Түркістан облыстық әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Пирметов өтініш иесінің көтерген құжаттама мәселесі бойынша оң шешімін табуына ұйытқы болатынын білдірді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы