АҒЫН СУДЫ АРТТЫРУ КӨЗДЕЛУДЕ

607 көрілім

Бүгінде Түркістан қаласында ауа температурасы 45 градусқа дейін жетіп жатыр. Мұндай аптаптан ең алдымен жасыл желек зардап шегетіні мәлім. Қалыптасқан ауа қолайсыздығына байланысты, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың бастамасымен бүгін қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Асылбекұлы, қалалық мәслихаттың депутаты Тәжібек Мұсаев, еңбек ардагері Темірәлі Әбдрахманов және тиісті бөлім басшылары қала іргесіндегі “Қотырбұлақ” арнасының бастауына барып, ағын су мөлшерін арттырудың жолдарын қарастырды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы мамандарды тыңдай келе:

– Қолдан келетін барлық мүмкіндікті пайдалануымыз шарт. Қаланы суландыруға қатысты барлық ұсыныс пен пікірді назарға алып, тиімділігіне қарай қолданысқа енгізуіміз қажет. Сондықтан, суға қатысты кез-келген мәселені үлкен-кішіге бөлмей, басты назарда ұстаңыздар, – деді.

Мамандардың айтуынша, “Қотырбұлақ” арнасы арқылы келетін ағын су “Парасат” саябағындағы 14 гектар өскінді суғарып, саябақ айналасындағы көшелердің арығына да жетуі керек. Жұмыс сапары соңында қала басшысы бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын жеке бақылайтынын ескертті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы