КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

711 көрілім

Түркістан қаласы аумағындағы көгалдандыру жұмыстарына жаңа жүйе енгізілуде. Суару жолдарының өзгеруі егілген ағаштарды сақтап, жаңа отырғызылатын жасыл желекті жайқалтуға сеп болмақ.

Бүгін апталық мәжілісте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланы суландыру бағытындағы өзгерістерге оң бағасын беріп: – Түркістанды көгалдандыру, суару мәселесі бойынша жаңа жүйе енгізіліп жатыр. Бұл жүйемен қала аумағындағы барлық 32 сектор түгел қамтылуы тиіс. Біз ағаштарды ағын сумен суару арқылы, Түркістанды жасыл желегі тербелген, бау-бақшасы жайқалған қалаға айналдыруымыз керек, – деді.

Жаңа жүйе бойынша «Арыс-Түркістан» каналы арқылы әр көшеге қосымша қуатсыз су жеткізілетін жаңа әдістер енгізілуде. Тиімділігі – су шығыны азайып, суғару тәсілі жеңілдейді.

Түркістанды көркейту және абаттандыру мақсатында шаһар қосымша 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері бекітіліп, басшылары тікелей жауапты болып белгіленген. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшік тері орнатылып, арнайы демалыс орындары жасақталған.

Қаладағы «Жасыл белдеу» аумағы 2 есе ұлғайып, 13 500 гектарға жетті. Жыл соңына дейін оның көлемін 20 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы