ВАКЦИНА ЕГЕТІН БЕКЕТТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

801 көрілім

Қала әкімі шаһардағы вакцина егетін бекеттердің қызметін бақылады. Бұған дейін жарияланғандай, Түркістан қаласында 13 вакцина салу нүктесі бар болатын. Бүгінгі таңда Түркістан қалалық емханасының басшылығы “Rixos Turkistan” қонақ үйі мен “Керуен сарай” туристік кешенімен келісім жүргізіп, бекет санын көбейтті. Атқарылған жұмыс нәтижесінде тұрғындардың екпе егуіне ыңғайлы жағдай қалыптасуда.

Қалалық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері 707 азамат коронавирус індетімен ауырған. Ал, пневмонияға шалдыққан адамдар саны – 224-ті құрайды. Белгілі болғандай, тест оң нәтиже берген азаматтар коронавирусқа қарсы екпе ектірмеген.

Айта кетейік, Түркістан облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №17 Қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары толтырылуы 50 пайызға дейін, 50 орыннан асырмай жұмыс уақыты 7:00-00:00 дейін, ал «Ashyq» жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындары сенбі-жексенбі күндері 7:00-18:00 аралығында жеткізіп беру қызметімен жұмыс істейді.

Бассейндер, спорттық нысандар, театрлар мен кинотеатрлар, көрермендермен өтетін спорттық іс-шаралар да сенбі-жексенбі ұйымдастырылмайды және қызмет көрсетпейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы