ЕКПЕ САЛДЫРУҒА АСЫҒАЙЫҚ

648 көрілім

«Бірінші байлық – денсаулық», деп халқымызда бекер айтылмаған. Өткен жылдан бастап пандемия жайлаған уақытта қаншама азаматтарымыздан айрылып қалдық. Өзім журналист болғандықтан ел көріп, халықпен тығыз байланыста болатынымыз анық. Қызмет бабына байланысты түрлі жерлерге барып, адамдармен жолығуға тура келеді. Сондықтан індет жұқтырмау үшін осындай қадамға бардым. Біз кәсіби мамандарға сенеміз. Екпеден қорқудың қажеті жоқ деп санаймын. Былтырғы жылы пандемия өршіп тұрған шақта өзім де ауырып, емханаға түскен болатынмын. Ауруханада ем алып жатқан уақытта дәрі-дәрмек тапшы болып, біраз әбігерге салғаны бар.

Ал, енді қазір мемлекет тарапынан вакциналар шығарылып, халыққа тегін ұсынылып жатыр. Вакцинаны еш қорықпастан қабыл алдым. Жалпы жағдайым жақсы, ешқандай кері әсер болған жоқ. Баршаңызды өз отбасыларыңызды, жақындарыңызды қорғау үшін екпе ектіруге шақырамын. Вакцинация індетті жеңуге септігін тигізетін бірден-бір құрал екенін ғылым мен уақыт дәлелдеп отыр. Вакцинациялардың тиімділігі мен қауіпсіздігін мұқият бақылау мен тәжірибеден өткізе отырып, Қазақстан халқын иммундауға атсалысуларыңыз қажет екендігін айтқым келеді.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, тұрғындар өздерін денсаулықтарын қорғау мақсатында тегін вакцинаны алу керек. Еуропа елдері вакцина салдыру үшін арнайы Ресей еліне барып, қаржы жұмсап салдыруда. Олар өз денсаулықтары үшін аянып қалып отырған жоқ. Сондықтан да біздер осылардан үлгі алуымыз керек. Мемлекетіміз өз міндетін орындап жатқанда бізде отбасымыз үшін, қоғам үшін ықпал жасауымыз керек.

Шамырза МАДАЛИЕВ,

«Жанубий Қозоғистон» газетінің тілшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы