БЕКЕМ БІРЛІК ПЕН ҚАТАҢ ТӘРТІП ҚАЖЕТ

852 көрілім

Қазір ғаламда белең алып жатқан коронавирус инфекциясы халықты қатты алаңдатып отыр. Жасы мен жасамысын да жалмаған бұл аты шулы вирусқа бірігіп тосқауыл қоятын кез келді. Қазір ел болып дүниежүзінің дәрігерлері мен ғалымдары осы вирустан қорғану, сақтану мақсатында екпе салдыруды көздеп отыр. Тарихтан белгілі болғандай, екпе салдыру жүздеген миллион адамның өмірін құтқарып, барлық ауруға тосқауыл болған. Коронавирус адамзатпен бетпе-бет келіп отырған алғашқы жұқпалы ауру емес. Оның таралуын тоқтатудың бірегей жолы – жаппай екпе ектіру.

Мен қызмет бабында көптеген жастармен жұмыс істеймін. Сол себепті екпені алуды дұрыс санадым. Ал, карантиннен біржола құтылудың жалғыз амалы қоғамдық имунитетті қалыптастыру. Бұл вирус өте қауіпті екенін уақыт көрсетіп отыр. Сондықтан біз сияқты зейнеткерлер үшін басқа амал жоқ. Мемлекет басшысы ұсынған талаптарына бағынуымыз қажет. Қазір қоғамдық ортада бетперде киетіндердің қатары аз. Тәртіпті бұзып, той тойлаушылар да тиылмай тұр. Бұлай жалғаса берсе өзіміз зардап шегеміз. Сондықтан, «тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей, мен барша қала тұрғындарын екпені ерікті түрде салдыруға шақырамын.

Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,

қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы