Мен отандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасын салдырдым. Біздің еліміз коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған әлемнің 5 елінің бірі болды.
Вакцина қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілді. Біз бұл ауруды тек жаппай вакцинация жүргізу арқылы ғана жеңеміз. Бүгінгінің батыры дәрігерлерімізге шын жүректен тағы да алғыс айтқым келеді. Ел аман, жұрт тыныш болсын.
«Отбасымды ойлағандықтан екпе салдырдым. Қазір жағдайым жақсы, ешбір ауырсыну белгілері болған жоқ. Дәрігерлер үш күнге дейін денсаулығымды бақылауда ұстайтындығын ескертті. Біздің жұмысымыз халықпен тығыз байланысты. Сондықтан індет жұқтырмау үшін осындай қадамға бардым. Отбасымызбен екпе салдырдық. Екпеден қорқудың қажеті жоқ деп санаймын. Өз денсаулығымыз үшін шешім қабылдауымыз қажет.
Усейн МЕДЕТОВ,
«Ахысқа» түрік этномәдени орталығының төрағасы.