ВИРУСТАН САҚТАНУДЫҢ ЖОЛЫ – ВАКЦИНАЦИЯ

905 көрілім

Әлемде болып жатқан пандемияға қарсы халықты қорғау және оған оң пайдамызды тигізу үшін вакцинациялау жұмыстары қазіргі таңда қарқынды жүріп жатыр. Соған байланысты барша жастарға айтарым екпе қабылдауға шақырамын. Себебі, әлеуметтік желілерде түрлі кертартпа пікірталастар халықтың көзқарасын өзгертуде. Соның салдарынан вакцинаға үрке қарайтындардың қарасы көп. Қазіргі медицина саласының ғалымдарының зерттеу нәтижесінде екпені халыққа егуді ұсынып отыр.

Сондықтан еш қорықпастан вакцинаны қабылдауды ұсынар едім. Менің өзімде вакцина қабылдадым. Оның ешқандай кері әсерін көрмедім. Керісінше мен өзімді, отбасымды, жақындарымды вакцина арқылы қорғаймын деп есептеймін. Бізде көштен кеш қалмай, ертерек қабылдауды бір шешімге келуді жүзеге асыруымыз керек. Тағы айта кететін бір жәйт, әлемдегі көптеген мемлекеттерге қарасақ, екпе салдырмаған азаматтар індет салдарынан өмірден озды. Осы жағдайды болдырмау үшін біз де індеттің алдын алып, қорғануымыз керек.

Еркін ТІЛЕУБАЕВ,

Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімінің жастар

ресурстық орталығының КММ-ның маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы