ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

645 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Тәжібек Мұсаев қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауларды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.

Қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Үмбетұлының қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғыны Камиль Кузыров көршісінің мал асырауынан, жағымсыз иіс мазаны алатынын баяндады. Шағымның мәнісімен танысқан депутат эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен ветеринарияға қатысты мекемелерге хабарласа отырып, заңдылығын тексеретінін жеткізді. Ал, Мейрамкүл Сапаралиева әлеуметтік көмек пен қаржылай қолдау болса деген ниетін жеткізді. Мемлекет тарапынан берілетін дәрі-дәрмекті тегін алсам дейді. Аталмыш мәселелер бойынша Нұрсұлтан Үмбетұлы нақты жұмыстар жасап, кәсіпкер қолдаушыларға айтып, көмек көрсетуге ықпал жасайтындығын айтты. Сонымен қатар, өзі «Халықтық кеңсеге» бірге ертіп барып, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалып тұрғандығына көз жеткізіп, алдағы уақытта түсетіндігіне куә болды. Бұдан бөлек, қала тұрғыны Әсел Ерназова ерекше күтімді қажет ететін азаматша әлеуметтік көмек пен қаржылай қолдау сұрады. Ай сайын жалдамалы пәтерде күнелткен өтініш иесінің мәселесіне бей-жай қарамаған ол ай сайынғы өтем ақысын әр айдың соңында төлеп беріп, көмек көрсететіндігін мәлімдеді. Ал, Жұлдызай Әбсаттарова «Nur Otan» партиясының атынан 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп жатқанын айтып, осы бойынша нақты мәлімет алуға келгенін жеткізді. Бұл мәселе бойынша Нұрсұлтан Үмбетұлы тұрғынға заң аясында түсіндірді.

Қалалық мәслихат депутаты Тәжібек Мұсаевтың қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғыны Алтыншаш Әубәкір өз мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруын сұрады. Ақылы қоғамдық жұмыста 2 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келген. Аталмыш мәселе бойынша Тәжібек Қалманұлы жұмыспен қамту бөліміне хабарласып, сұраныс болған жағдайда орындалатынын жеткізді. Ал, Амалбек Алимбеков «Жауғашты» базарының кәсіпкерлері атынан сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына рұқсат алып беруін сұранды. Тұрғынның мәселесімен танысқан депутат облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде заң аясында шешілетінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, қала тұрғыны Жалғас Меңлібекова жер мәселесі бойынша заңдастыру барысында жер телімі 3 адамның атына тіркелгендігі, жерді өз атына тіркей алмай жүргенін айтып көмек көрсетуін сұрады. Тәжібек Қалманұлы жер қатынастары бөліміне хабарласып, өтініш иесіне заңдық тұрғыда кеңес берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы