6 СЕКТОР ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

829 көрілім

Қала әкімі Н.Тұрашбековтың тікелей бастамасымен қала көлемінде 6 сектор құрылып, олар қала аумағындағы өзекті мәселелерді бақылауға алып, жүйелі түрде шешуге ықпал етіп келеді. Атап айтсақ, олар «Яссы», «Сауран», «Шавгар», «Бекзат», «Отырар», «Бірлік» секторлары. Халықпен жұмыс жүргізу секторларында 30-дан аса азамат жұмыспен қамтылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатуда.

Сектор қызметкерлері халықпен коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, табиғи газды пайдалану туралы ақпараттар ұсынып, көшелердің көгалдандырылуы, абаттандырылуы, тазалығының үйлестірілуін қамтамасыз етеді. Бұнымен қоса, аумақтағы тұрғындардың мәселелерін назарға алып, шешімін табуда жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл жөнінде қала әкімі сектор меңгерушілерімен жиі кездесіп, олар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тұрақты есебін алып отырады.

Аталмыш секторлар қала әкімдігінің 109 – Бірыңғай байланыс орталығымен бірлесе отырып, мониторингтік жұмыстар арқылы халықтың өтініштері, мәселелері қолға алынуда. «Яссы», «Сауран», «Шавгар», «Бекзат», «Отырар», «Бірлік» мөлтек аудандары болып бөлінген секторларда мамандар тұрғындардың өтініш, шағымдарын 109 – Бірыңғай байланыс орталығының жүйесіне тіркейді. Тіркелген әрбір өтініштер қала әкімдігінің дербес бөлімдеріне жолданып, орындалуы сектор меңгерушілері мен инспекторлар тарапынан қадағалануда. Бұл секторлардың жалпы мақсаты – әр мөлтек аудандағы халықпен коммуналдық, тұрғын үй шаруашылық және әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаһар тіршілігін жақсартуды, жандандыруды қолға алмақ ниетте.

Біздер осыған байланысты «Бекзат» тұрғын алқабының сектор меңгерушісі Жанбота Тағайбаевпен атқарылып жатқан жұмыстарын сұраған болатынбыз. Сектор меңгерушісінің айтуынша «Бекзат» тұрғындар алқабының жалпы көлемі 336 0,7 гектарды және 76 көшені құрайды. Мұндағы жалпы халық саны – 42 000. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жалпы 213 отбасы, оның ішінде шартты 210 отбасы болса, шартсыз 115 отбасы тіркелген.

Мөлтек аудан тұрғындарының әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 2021 жылдың II тоқсанында шартты атаулы әлеуметтік көмек алушылар 150 отбасы болса, ал шартсыз атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып 51 отбасы танылып, әлеуметтік көмекті алып келеді. Аталған азық-түліктер шартты және шартсыз әлеуметтік көмек алушылар ішінен, көпбалалы отбасылар мен толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылары тізімі жасақталып, сол отбасыларға берілген. Облыстық ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен айына екі рет мұқтаж жандарға тегін азық-түліктер мен киім-кешектер таратылып беріледі. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар тарапынан өтініштер мен ұсынымдар көптеп түсуіне байланысты 2021 жылдың III тоқсанына шартты және шартсыз атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қосымша анықтау мәселесі қолға алынып, бұл бағытта олардың мұқтаждығы тұрғысынан зерделеу жұмыстары қолға алынуда.

Жанбота Жұпарбекұлының мәлімдеуінше сектор тұрғындарының өтініш, шағымдары 109 – Бірыңғай байланыс орталығының базасына тіркелуде. Өтінімдердің басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмек және қоқыс, ашық қалған құдықшалар жайы болып отыр. Әрбір тіркелген өтініштер бойынша келіп түскен жауаптарды тұрғындарға жеткізіп, кері байланыс орнатуда. «Бекзат» тұрғындар алқабында газ мәселесі бойынша жалпы жер телімдік тұрғын үйлер саны – 2729, оған газ жүйесі кіргізілгені – 2729, көп қабатты тұрғын үйлер саны –11 құрайды. Бүгінгі таңға дейін сектор тарапынан қаланың көркеюі мен тазалығы, халықтың тыныштығы мен бірлігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Тұрғындармен бірнеше кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп халықтың мұң-мұқтажы сараланып, зерделеніп тиісті іс шаралар атқарылып жатқанына қанықтық.

P.S. Сектордың жалпы қызметі – сектор тұрғындарының өтініш, шағымдарын 109 – Бірыңғай байланыс орталығының базасына тіркеп, тіркелген әрбір өтініштер қала әкімдігінің дербес бөлімдеріне жолданып, орындалуы қадағаланады. Сонымен қатар, дербес бөлімнен жолданған жауаптар сараланып, сектор қызметкерлеріне беріледі. Әрі қарай сектор қызметкерлері келген жауапты тұрғынға жеткізу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы, аталған секторларда қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов бастаған бөлім басшылары және әкімдік қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың қажеттілігін тудырған мәселелерді қарастыру жұмыстарын қолға алып, мөлтек аудандарда тұрақты кездесулер өткізіп келеді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы