МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

1  143 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Сәрсенбаев қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауларды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.

Алғашқы қоғамдық қабылдауға келген жалғыз басты ана Мақпал Оралова атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж, ақылы қоғамдық жұмысқа орналаса алмауын, өзіне тиесілі алиментке де уақытылы қол жеткізе алмай отырғанын айтып, заң аясында көмек сұрады. Ал, үшінші топ мүгедегі Жеңіс Құрманбаев тұрғын үй және коммуналдық төлемінің түбіртегі артық келетіндігін, өзінің денсаулығы жоқтығын алға тартты. Ғаппар Амантайұлы жоғарыда аталған азаматтардың көтерген мәселелерін тыңдап, оларға заң аясында кеңесін беріп, шешу жолдарын қарастырды.

Бұдан бөлек, осы аптада қалалық мәслихат депутаты Жәмила Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесін тыңдады. Бекжан Тұрғамбеков есімді қала тұрғыны 4-курс студенті жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында жас студенттерді қоғамдық жұмыстарға араласып, 1 ай көлемінде тәжірибе жинау үшін мүмкіндіктер қарастырылса деген ұсынысын жеткізді. Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші екенін алға тартқан Жәмила Төреханқызы оқу орынның басшылығына хабарласып, алдағы уақытта бақылауға алатынын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы