46 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

1  109 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков дербес және аппарат бөлім басшыларымен жиналыс өткізіп, өзекті мәселелерді саралады. Алдымен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы тыңдалды.

Шаһар басшысы қаланың шеткі аумақтары үшін қоғамдық көлік жүргізу мәселесін ерекше назарына алды. Сондай-ақ, бөлім басшыларына таяуда қызметін бастаған сектор төрағаларымен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың өтініш-тілектерін шешу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Ендігі кезекте қала аумағында топырақ жолдар қатары кеміп, қажетінше қосымша маршруттар саны артады. Қаладағы қоғамдық көліктердің жүру кестесі мен жиілігі де бақыланатын болады.

Нұрбол Әбдісаттарұлы қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысына күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке өткізуді жүйелеуді жүктеді. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдарға 46 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 1620 пәтер иесінің өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылым жақсарады. Оның ішінде 46 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы қарастырылуда. Қала әкімі 46 үйдегі жөндеу жұмыстары жылу маусымына дейін толық аяқталуы қажеттігін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы