КОМПЬЮТЕРЛІК СЫНЫП АШЫЛДЫ

828 көрілім

М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінде Израильдің Қазақстандағы елшілігінің бастамасымен компьютерлік сынып ашылды. Израиль мемлекетінің ҚР Елшісі Л.Вексельман арнайы екі елдің достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында мектепке 10 ноутбук табыстады. Сақтық шараларын баса назарға ала отырып ұйымдастырылған жиында Израильдің әлемді алға жетелеген жаңалықтары мен жетістіктері жазылған Ави Йориштің «Инноватор бол» атты кітабы мектеп кітапханасына арнайы табысталды.

Шарада Cоциалистік Еңбек Ері М.Әбенованың өмір жолы мен мектепте атқарылып жатқан жұмыстар арнайы бейнебаян арқылы таныстырылды.

– Түркістан қаласына үшінші рет келіп отырмын. Осы аралықта үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын байқамау мүмкін емес. Екі елдің ынтымақтастығын нығайту үшін жасалынып жатқан дүниелер әлемде болып жатқан пандемияға қарамастан алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп ойлаймын, – деді Л.Вексельман.

Израиль мемлекетінің ҚР Елшісіне М.Әбенованың өмірі мен еңбегі туралы жазылған «Дала жұмысының дара ханшайымы» атты кітабымен қоса, Қожа Ахмет Ясауи мешіті мен тайқазан бейнеленген кәдесыйларды сыйға тартты.

Мөлдір ХАЛИЛАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы