ƏКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

1  440 көрілім

  Түркістан қаласының əкімі Рашид Аюпов С.Рахимов атындағы жалпы орта  мектебінде “Яссы” мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті.

   – Сіздермен кездесудегі мақсат бір. Ол билік пен халық арасындағы байланыс. Қаламыздың жарқын болашағы үшін сіздердің пікірлеріңіз мен үшін аса маңызды. Біздегі басты ниет – шаһарды халықаралық деңгейге көтеру. Халықаралық деңгей деген 40-50 қабатты ғимараттар емес. Бізде мəртебесі биік Қожа Ахмет Ясауи кесенеміз бен қонақжай халқымыз бар. Алда өңірімізге туристер келсе не істей аламыз? деген сауал əрбірімізде болуы керек, – деді қала əкімі Рашид Абатұлы.

  Тұрғындар жиында санасын жаулаған сауалдарды жолдап, оған қажетінше жауаптарын да алды. Нақты айтсақ, көшелердегі ауыз-су мен тазалық мəселесі, жаяу жүргіншілер жолын салу, жаңадан кəсіп бастауды ойлағандарға жер берудің тиімді əдіс-тəсілдерін қарастыру бойынша сұрақтар қойылды.

  Айта кетерлігі, қараша айынан бастап климатты жақсартып, ыстықты төмендету үшін нақты жұмыстар жасалмақ. Ал, қазан-ақпан айларында қала бойынша ағаш отырғызу жоспарда. Бұл ретте Р.Аюпов қала халқын көгалдандыру жұмыстарына жұмыла атсалысуға шақырды.

  Жиын соңында қала əкімі Рашид Аюпов тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, аталған мəселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатындығына сенім білдірді.

  Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,

“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы