Бүгін Түркістан қаласы әкімінің өкімімен бекітілген жұмысшы топ мүшелері облыс орталығындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан сауда орындарында рейдтік шара ұйымдастырды. Жұмысшы топты қала әкімдігінің кәсіпкерлік, мәдениет және тілдерді дамыту, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімдерімен қатар қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құрады.
Сыртқы жарнама бойынша түсіндірме жұмыстары барысында сауда нүктелерінің иелеріне ҚР-ның “Жарнама туралы” заңын ҚР Үкіметінің “Елді-мекендерде сыртқы(көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру ережелері” ҚР “Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы” кодексінің талаптары кеңінен түсіндірілді. Егерде сауда иелері түсіндірілген заң талаптарын орындамаған жағдайда “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 463-1 бабына сәйкес айыппұл салынатындығы ескертілді.