Түркістан облысы бойынша жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындар – Қазығұрт тауы

1  933 көрілім

Шымкент қаласынан 35 шақырым оңтүстікте орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-ге созылған. Ортаңғы биіктеу бөлігінің ұзындығы 22 км, енді жері 10 км. Ең биік жері жотаның шығыс бөлігінде орналасқан (1768 м). Әлемде кеңінен тараған аңыздардың бірі – Нұх пайғамбар кемесі туралы әпсана. «Киелі тау», «жержүзілік топансу», «Нұх пайғамбардың кемесі» жөнінде әлемдік мифологияда көптеген діни аңыз-әңгімелер бар. Олар негізінен иудейлік, христиандық, исламдық параллельдерден тараған. Исламдық параллель негізіндегі «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген қазақы мифологиялық нұсқаның атап айтарлықтай өзіндік ерекшеліктері бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы