ТОҚТАРБЕКТІҢ АРМАНЫ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» АТАНУ

2  189 көрілім

Биыл қазақ күресінен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирі 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында жалауын көтереді. Кіл мықтылардың басын қосатын дүбірлі дода биыл 10-шы рет өткізілгелі отыр. Аталмыш жарыста қазақ елінің даңқын әлемдік додаларда асқақтатып жүрген жерлесіміз Тоқтарбек Айдарбек те боз кілемде бағын сынайды.

Бұған дейін көптеген облыс, республика және халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері атанған Тоқтарбекті жастайынан спортқа баулыған әкесі әрі жаттықтырушысы Жақыпбек Қасымбеков. Бүгінде Түркістан облысы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Жас балуан биік шыңдарды бағындыруды көздейді. Арманы «Қазақстан Барысы» турнирінде бас жүлдеге ие болу. Ендеше, жерлесіміз Тоқтарбекке жеңіс тілейміз!

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы