ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

2  496 көрілім

Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Иә, қазақ руханияты мен өнерін ұлттық аспаптарды ұлықтау арқылы көкке көтере аламыз. 1-шілде Ұлттық домбыра күніне орай, Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

Ашық аспан астында, Түркі бағында түндігін түрген жиынға ақ жаулықты аналар мен өнерсүйер қауым қатысты. Қазақтың қара домбырасын арқалай келген оқушылар мен өнерлі жастар әннен шашу шашып, күмбірлеген күймен көк аспанды әдемі үнге бөледі.

Жалпы, Түркістан қалалық мәдениет үйі бұған дейін де бұл күнді ұмыт қалдырмай түрлі шаралармен айтулы датаның шырайын келтіріп келеді. Ал, бүгін осы мерекеге орай әрі Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы мен Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдығына орай «Күмбірлеген күй құдірет, күй арман» атты онлайн күйшілер байқауын ұйымдастырған болатын. Бүгін сол байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы алғы сөз алып, бүгінгі күннің ұлылығын дәріптеп, домбыраны кеңінен насихаттады. Арнайы номинациялар мен жүлделі орын алғандарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыстады. Осындай өрендерге қазылық еткен алқа мүшелері мен үміткерлердің жетекшілері де марапатқа ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы