ӘКІМ ЖУРНАЛИСТТЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАП КЕЛДІ

927 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков 90 жылдық тарихы бар «Түркістан» газетінің жұмысымен танысты. Редакцияға алғаш рет ат басын бұрған шаһар басшысы Түркістанның жылнамасын жазып жатқан ұжымның, қоғам мен бұқара арасында алтын көпір болып, қаладағы барша айтулы жиындардан хабардар етіп отырған газеттің алдағы жұмысын саралады. Екі тілде ақпарат беріп, қаншама оқырманын жаңалықтың жаршысы еткен «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің тарихынан құлағдар болып, редакцияға келген зиялы қауым өкілдерімен қатар, редакцияға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады. Атап айтқанда, редакцияға 30 жыл ғұмырын арнаған Ләззат Сарыбаеваға, қазақ бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Тасыбаевқа, өзбек бөлімінің меңгерушісі Райымжан Әлібаев пен компьютер орталығының жетекшiсi Мамыржан Нәбиевқа арнайы алғыс хатпен қоса сый-сияпатын табыстады. Нұрбол Әбдісаттарұлы алдағы уақытта жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына баса назар аударатынын айтып, редакция ұжымына сәттілік тіледі.
Осылайша бастау алған мереке кешегі күнге дейін жалғасып, «Түркістан» газетінің ұжымы ерекше ықыласқа бөленді. Атап айтсақ, «Түркістан» газетінің директор-редакторы М.Дәулетов облыс әкімінің грамотасы, облыстық сот төрағасының алғыс хатымен марапатталса, директор-редактор орынбасары Л.Сарыбаева Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» байқауында жүлделі екінші орын алып, қала әкімінің алғыс хатына ие болды. Сонымен бірге, бөлім меңгерушісі Қ.Тасыбаев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтің және қала әкімі Н.Тұрашбековтың алғыс хатын алды. Сол сияқты бөлім меңгерушісі Р.Әлібаевта әкім алғыс хатымен бірге, журналистер арасындағы спартакиада да ерекше көзге түсіп, арнайы номинация иегері атанды. Сондай-ақ, газетіміздің дизайнері М.Нәбиев қала әкімінің алғыс хатын алып, мерекелік шаттыққа бөленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы