Түркістан қаласы бойынша «Еңбек рыногы» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша Түркістан қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Ақмарал Жолаевамен арнайы барып тілдесіп, жұмыс барысымен танысып, атқарып жатқан жұмыстарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Сонымен біз барған орталық халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында 2017 жылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Түркістан қаласы бойынша жалпы халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген 2385 азамат әлеуметтік шаралармен қамтылған. Оның ішінде санаттары бойынша: жұмыссыздар – 1935 адам, өздігімен қамтылғандар – 77 адам, жұмыс іздеушілер – 243 адамды құрап отыр. Ал, қысқа мерзімді кәсіби оқу арқылы 50 адамды (маусым-тамыз айлары аралығында) оқыту жоспарланған.
Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында берілетін мемлекеттік грант бойынша 2021 жылға 160 азаматты қамту жоспарланып, 104 үміткер арнайы комиссияның оң шешімін алған. Бастау бизнес жобасы арқылы 310 азаматты оқыту жоспарланып, 89 адам оқуды сәтті аяқтап сертификаттарын алған. Ағымдағы жылға шағын несиеге жоспар бойынша 35 адамға орын бөлінсе, компазиттік қызмет бойынша 110 азамат мемлекеттік қызмет алуда. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 12 мекемеге 98 адам жұмысқа жолданған.
Жастар практикасы бойынша жылдық жоспар 500 адамды құраса, қазіргі таңда қала бойынша 67 мекемеге 215 адам жұмысқа жолданып отыр. Қоғамдық жұмыстарға 2021 жылға 960 адам жолдау жоспарланса, қазіргі таңда 1314 адам жұмыспен қамтылған. Жыл басынан мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан бастау бизнес жобасы аясында оқуға – 2, жастар практикасына – 3, әлеуметтік жұмыс орындарына – 2, мемлекеттік грант бойынша – 1, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 54, жаңа жұмыс орындарына – 2, тұрақты жұмысқа – 18 адам, бұнымен қоса 163 мекемеге – 639 адам жолданған. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2021 жылы маусым айына дейін 3046 отбасының өтініштері қабылданып, 2361 отбасы 12546 адамға тағайындалса, 685 отбасы 3709 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған. Оның ішінде 1759 отбасы 9979 адамға шартты, 602 отбасы 2567 адамға шартсыз қаржылай көмек тағайындалған. Шартты ақшалай қаржылай көмекке жүгінген отбасыларының еңбекке қабілетті 3081 мүшелерінің 1036-сы бала күтімінде, 1517-де тұрақты жұмысы бар, 528 – тәуелсіз қызметкер, ал 22-сі жұмыссыз.
Ал, бейімдеу шаралармен қамтылған отбасылардың ішінде 40 ақылы қоғамдық жұмыстарға, мемлекеттік грант иегерлері – 4, жалпы 485 адам тұрақты жұмысқа жолданып отыр. Бұдан бөлек, орталықта «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Ашық әкімдік» жүйесі аясында, Түркістан қаласы тұрғындарынан қала әкімі мен әкімдіктің әлеуметтік желі парақшаларына келген өтінімдерге байланысты «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылып жұмыс жасауда.
Р.S. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру, жұмыссыздар санын азайту, өз кәсібін дөңгелетіп жатқан кәсіпкерлерге қолдауды тұрақты түрде көрсетіп келеді. Бүгінде бүкіл әлемді жайлаған індеттен халқымыздың жұмыс күші әлсіреп отырғаны жасырын емес. Сондықтан осы бір қауіпті індет әлемді шарпыған шақта халықтың бірлігі мен ауызбіршілігінің жоғары болуы – еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, ел болып еңсеруімізге мұқалмас күш-жігер береді. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп қазыналы ой қалдырған ата-бабамыз қашанда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, татулықты бойтұмары еткен. Бұл өтпелі кезеңнен де еліміз аман есен өтіп, еліміздің әлеуметтік-экономикасы артатын күн алыс емес, оған сеніміміз мол.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
