БАЯҒЫ ЖАРТАС, СОЛ ЖАРТАС

705 көрілім

«Түркістан» редакциясына газет оқырманы, Түркістан қаласы, Төлегенов көшесі №31 үйдің тұрғыны П.Саруаров арнайы келіп, өз шағымын білдірді. Шағымға арқау болған қаладағы «Жеңіс» орталық саябағындағы әжетхана мәселесі болып отыр.

Қасиетті шаһар облыс орталығы болғалы «Жеңіс» орталық саябағындағы әжетхана мәселесі сын көтермей келеді. Дәл осы мәселе жөнінде бұған дейін де жазылған болатын. Десе де әлі күнге дейін саялы орынның сәнін бұзған жағдайды қалыпқа келтіру ісі көңілге қонбай тұр.

Қазіргі жаз мезгілінде аптап ыстықта қала тұрғындары мен қонақтары осы саябақты паналап жүргендерін көптеп кездестіреміз. Бұрынғыдай емес, бүгінде «Жеңіс» саябағының етек-жеңі жиналып, ажары ашылып, тәп-тәуір келбетке еніп қалған. Алайда, осындай келбетті орын келушілердің әжетіне жарамай сынға ұшырауда. Әжетхананы айтудың өзі ұят, е суы, е канализациясы жоқ, адам кіргісіз, лас, онда кірмек түгілі қасынан өтудің өзі мұң екенін алға тартып, ыстық күнде шыбын-шіркейдің ордасына айналғанын ашына жеткізді оқырманымыз.

Осы тұрғыда «Жеңіс» орталық сая-бағына жауапты мекеме қала әкімдігі-нің инфрақұрылым және коммуника-циялар бөлімі екені белгілі. Алдағы уақытта аталған мәселе тиісті орындар тарапынан жедел түрде өз шешімін таппаса, қарышты даму жолындағы қаламыздың атына сын. Бұл жөнінде редакция тарапынан бақылауға алынып, назарда ұстайтын боламыз.

Редакция.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы