ЖАСӨСПІРІМДЕР ТОП ЖАРДЫ

1  568 көрілім

Маусым айының 23 жұлдызы күні шымылдығы түрілген волейболдан 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты мәреге жетті. Еліміздің барлық облыстарынан 16 команда, 250 спортшы қатысқан ел біріншілігінде түркістандық өрендер топ жарды. Олар «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өткен ақтық ойында Павлодар облысынан келген волейболшыларды жеңіп, чемпион атанды. Үздік үштікті қызылордалық жасөспірімдер қанжығасына байлады.

Біріншіліктің жабылу салтанатына қатысқан қалалық мәслихаттың депутаты Ғаппар Сәрсенбаев пен Түркістан қаласы спортты дамыту бөлімінің басшысы Қуатбек Айдарбековтер жас волейболшыларға алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілек білдіріп, жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы кубок және медалдарды табыстады.

Төрт маусымда өтетін чемпионаттың жазғы кезеңі биыл облыс орталығында ұйымдастырылды. Айта кету керек, Түркістан облысы командасының құрамында 4 бірдей жерлестеріміздің өнер көрсетуі мақтаныш сезімін ұялатады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы