Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан соң, талай қиыншылықты басынан өткізіп, өсіп өркендеу жолына түсті. Тәуелсіз Қазақстанның ұлы жеңістерінің бірі, Сарыарқа төрінен Нұр-Сұлтан қаласының соғылуы болатын. Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы болып қана қоймай, сонымен бірге елдің экономикасын да өсірді. Елбасының арқасында Нұр-Сұлтан қаласы ең көрікті, сәулетті, арман қалаға айналды. Сол арман қала Нұр-Сұлтанның құрылғанына биыл 23 жыл толып отыр.
Елімізде орын алған індетке яғни, пандемияға байланысты бұл айтулы мерекелік шараларға шектеу қойылып отыр. Бүгінде Нұр-Сұлтанмен қатар, облыс орталығы атанған қасиетті шаһар Түркістан қаласы жаңаша келбетпен қарқынды дамып келеді. Бұл ғасырларда болатын Ұлы тарихи жаңалық. Түркістанда қазақтың бар тарихы жатыр. Бүкіл түркі тілдес халықтар Түркістанды ата жұртым деп санайды. Түркістан қазақ елінің, қазақ хандығының негізін қалаған 250 жылдан аса қазақ хандығының астанасы болған тарихи шаһар.
Сонымен тарихқа шегініс жасасақ, Нұр-Сұлтанда өткен 2010 жылғы Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымының Саммиті бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Елбасының әлем саясаткерлері мен қайраткерлері, дүниежүзіндегі азулы мемлекет басшылары алдындағы аса зор беделін, асқан даналығына көз жеткізді.
Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері ғасырға бергісіз. Олай дейтінім, еліміз әлем танитын, мойындайтын, құрметтейтін мемлекетке айналды. Халықтың әл-ауқаты жақсарды, осының бәрі биік табыстарға жетелеген еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы мен Мемлекет басшысының салиқалы саясатының жемісі деп білеміз.
Ж.ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,
Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы.