БІР ТОП АЗАМАТ ТҮРКІСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

2  248 көрілім

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толып отыр. Яғни 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілген болатын. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, ықыласпен қабылдады. Бұл еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі. Қалаға келген әрбір қонақ жаңарған Түркістанды көріп тамсанып қайтуда. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінде Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған болатын.
Бүгін осы айтулы мереке қарсаңында қаладағы «Ақжайық» музыка мектебінде қала әкімі Н.Тұрашбеков пен қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров облыс орталығы Түркістан қаласының дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атағын тапсырды. Алдымен қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы барша түркістандықтары облыс орталығының үш жылдығымен құттықтап, бүгінде түрленген Түркістанның жаңа келбетпен дамып жатқанын айта келе, алдағы уақытта да қаланың өркендеуіне бірлесе жұмыс жасайтынын атап өтті.
Сонымен Түркістан Қаласының Құрметті азаматы атағы мына азаматтарға табысталды. Атап өтсек, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің директоры Айдос Абпазов, білім саласының ардагерлері Замир Мұхамеджанов, Оразбек Әміреев, қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі Шамшетдин Акимов, «Шұғыла таң» қайырымдылық қоғамдық қорының қызметкері Дана Орманова, журналист, ғалым, ұстаз Балтагүл Оспанова, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, «Рахым Т.К» ЖШС атқарушы директоры Төрегелді Тәңірбергенов, тілдерді оқыту және дамыту орталығының басшысы Сұлтанхан Тәштеев, қалалық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Сәбит Шәріпбеков, жеке кәсіпкер Ержан Мұстапаев, Түркістан Ахмет Ясауи колледжінің директоры Алтынбек Кенжалиев, зейнеткер Рыс Тәшметова, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев, «Ақмарал» ауруханасының дәрігері Орынбек Байкеев, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Нығмет Ахметұлы.
Бұдан бөлек, облыс орталығы болғалы үш жыл көлемінде қаланың дамуына үлес қосқан бір топ азамат атап айтсақ, Жанболат Ділдабеков, Әбсадық Халилаев, Гүлзия Даханова, Мұхтар Тәжиев, Ерболат Төрежанов, Нұрлыбек Ордабаев, Қанат Курмышов, Қанат Сейілбековтер қала әкімінің Алғыс хатымен маратталды. Жиын соңы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филормония қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы