ТҮРКІСТАНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕТІН ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛАДЫ

1  361 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһарды аралап, мәселелермен танысуда. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында алғашқы бастама қолға алынды. Атап айтсақ, енді қала 6 секторға бөлініп, өзекті мәселелерді бақылауға алып, жүйелі түрде шешуге ықпал ететін арнайы орталықтар ашылмақ.
Бұл бойынша шаhар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы тиісті мамандарға “Яссы”, “Сауран”, “Шавгар”, “Бекзат”, “Отырар”, “Бірлік” секторлары бөлінісін әзірлеуді тапсырды.
“Халықпен жұмыс жүргізу секторларында” 30-дан аса азамат жұмыспен қамтылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатпақ.
Қызметкерлер халықпен коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, табиғи газды пайдалану туралы ақпараттар ұсынып, көшелердің көгалдандырылуы, абаттандырылуы, тазалығының үйлестірілуін қамтамасыз етеді, аумақтағы тұрғындардың мәселелерін назарға алып, шешілуі үшін жұмыс атқаратын болады.


Осыған байланысты қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлар орналасатын ғимараттарды аралап, қызмет көрсету мүмкіндігі мен деңгейін саралаған және мамандар және келуші тұрғындар үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар берген.
“Бұл – әр тұрғынның кез-келген уақытта келіп, өз мәселесін ашық жеткізе алатын орталыққа айналуы тиіс. Әрі, ешқандай мәселе назардан тыс қалмауы керек. Секторларда азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмысын да қолға алғанымыз абзал” – деді қала басшысы өз сөзінде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы