25 ЖАСЫНДА КҮМІС АЛҚА ИЕГЕРІ АТАНҒАН

1  035 көрілім

Киелi қаламыздың жас отбасы иелерi Мұратбек Жарылқасынов пен Қарлығаш Күлтаеваға барша замандастары қызыға қарайды. Өйткенi, дүниеге 6 ұл-қызды әкелген Қарлығаш Серiкбайқызы 25 жасында Елбасының Жарлығымен «Күмiс алқа» иегерi атанған.

Жарылқасыновтар әулетiнiң ақ босағасын аттаған Қарлығаштың бүгiнде жан жары Мұратбек екеуiнiң отбасы құрғандарына 17 жыл толып қалыпты. Осынау жылдар iшiнде дүниеге келген Әлiбек, Ақсұлу, Ақерке, Асылбек, Ақылбек (егiз ұлдар), Томирис есiмдi ұл-қыздардың алды 16 жасқа келсе, ең кенжелерi тоғыз жасқа толғалы отыр.

Шынында, қарап отырсаңыз Қарлығаш жап-жас қалпын сол күйiнде сақтай бiлген. Өзге түгiл, өзiмiз сұлулығына тамсана қарап, жазушы ағаларымыздың портрет жанрымен сомдаған әдебиет әлемiне енiп, неткен сұлулық, – дедiк. Иә, бiз де қызыға қарадық. Тiл-көзден сақ болсын, – деп тiледiк.

Жас отбасы иелерiнен өздерiнiң отбасылық қасиеттерi жайлы сұрай отырғанымызда, сауалдарға көбiне Мұратбек жауап берiп, Қарлығаштың ибалық сақтап отырғанына тағы да риза болғанымызды неге айтпасқа. Өзi жап-жас болып, ұлттық қасиеттерiмiздi өн-бойына көбiрек жинай бiлген. Бұл қасиетi де бiздiң назарымыздан тыс қалмады.

Мұратбек әкесi Айтбай мен анасы Гүлайымсұлудың тұла бойы тұңғышы екен. Әкесi темiржолшы болса, анасы ұлағатты ұстаз. Ал, Қарлығаш анасы Хадишаның гүлдей жайнатып өсiрген бiр қызы, өзiнен үлкен ағасы бар.

Мiне, Хадиша анасының өнегелi тәрбиесiнiң арқасында ақ босаға аттаған Қарлығаш көп балалы ана атанып, бүгiнде осынау ұл-қыздарын өнегелi, тәрбиелi, өнерлi етiп тәрбиелеуде. Ата-бабамыз «тектi жерден шыққан» деп бекерге айтпаса керек. Осы киелi сөздiң қадiрiн арттырып отырғаны емес пе, екеуiнiң өз жанұяларын берiк әрi мықты етiп ұстап отырғандары.

Жас отбасы иелерiнiң екеуi де жоға-ры бiлiмдi. Отағасы Мұратбек Волков геология уран өндіріс заводында қыз-мет етеді. Ал, Қарлығаш ұл-қыздары есейгенше үйде бала күтімінде отыр-ған болса, бүгінгі таңда Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінде психолог болып еңбек етеді.

Қарашаңырақтың қасиетiн арттырып отырған бақытты шаңырақ иелері өздерiнiң бар көңiлдерiн отбасы шаттығына арнаған. Бүгiнде тұла бойы тұңғыштары Әлiбек Айтбай Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 10 сыныбында оқиды. Басқа ұл-қыздары Ж.Тәшенов атындағы №23 IT-мектепте оқиды. Атап айтсақ, үлкен қызы Ақсұлу 9-сыныпта, ортаншы қызы Ақерке 6-сынып-та, егіз ұлдары Асылбек пен Ақылбек 4-сыныпта, кіші қызы Томирис 3-сыныпта оқиды. Ұл-қыздарының барлығы өте жақ-сы оқитын оқушылар қатарында болумен қатар, спортқа да жандары жақын болып өсiп келедi. Әлiбек таэквондо үйiрмесiне қатысса, Ақсұлу қаламыздағы Саз-өнер мектебiнiң қобыз сыныбын үздік бітірген.

-Алты ұл-қызды өсіріп жетілдіру жас отбасыға қиындық тудырмады ма,-деген сауалымызға Қарлығаш байыппен жауап бердi.

– Әуелi Құдай, одан кейiн ата-енеме, анам Хадишаға ризамын. Осы кiсiлердiң арқасында ешқандай қиындық көрген емеспiн. Жолдасым Мұратбек бар жағдайымды жасап қой-ған. Бала деген үйдiң берекесi, шатты-ғы емес пе?! Үйiмiздiң берекесiн арттырып, шаттығын келтiрiп отырған балаларым аман-есен болсын. Әрбiр бала жарық дүниеге өз несiбесiмен келедi, – деп айтқан ғой ата-бабалары-мыздың даналығында. Сондықтан, алдағы уақытта да елiмiздiң демографиясына өз үлесiмдi қосатын боламын, – дейдi Қарлығаш Күлтаева.

Ләззат САРЫБАЕВА,

«Түркiстан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы