ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

658 көрілім

Елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Осыған орай, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ақ халатты абзал жандардың мерекесін атап өтті.

Атаулы күннің қарсаңында ұйымдастырылған жиында ректор өкілі Женгиз Томар университетке қарасты клиника-диагностикалық орталықтың қызметкерлерін университет басшылығы атынан құттықтады. Сондай-ақ, ол медицина саласында атқарылған жұмыстарды атай келе, адам жанының арашашысы дәрігерлерге адалдық, отбасыларына бақыт, түбі бір түркі жұртына бірлік тіледі. Бұдан соң клиника-диагностикалық орталық қызметкерлері атқарған еңбектері үшін алғыс хатпен марапатталды.

Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандар деген құрмет бір күнмен шектелмесі анық. Осы ретте аталған ұжымның барша қызметкерлеріне ел алғысын арқалай жүріңіздер деген тілек арнаймыз.

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы