«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Худияров қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауларды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды. Алғашқы қоғамдық қабылдауға келген Мәріп Абдуваситов отбасылық және денсаулық жағдайына байланысты қаржылай көмек көрсетуін сұрады. Ал, Кадрия Тимирханова және Клара Басарова бұл тұрғындар үйлерінің көгілдір отынмен қамтамасыз етілуіне ықпал жасауын айтса, Марат Тұрысбеков өзін жұмысқа орналастыруын жеткізді.
Бұдан бөлек, осы аптада қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Жүсіпбаев бекітілген кестеге сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғыны, зейнеткер Хайдар Асқарұлы тұрғын үй мәселесін алға тартып, мемлекет тарапынан үй алған, құжаттары өз атына аударылмаған, қазіргі таңда үйді босату жөнінде соттан анықтама келіп отырғанын жеткізді. Ал, 1-ші топ мүгедегі Алтынкүл Аманжолдың өтініші «Айдың нұры» қайырымдылық қоры тұрғын үй алып берген, жақында үйдің кіре беріс бөлмесінің төбесі құлап түскен, осыған байланысты көмек көрсетуін сұранды. Жоғарыда аталған депутаттар Ғалымжан Батырханұлы мен Нұрсұлтан Үмбетұлы жоғарыда аталған азаматтардың көтерген мәселелерін тыңдап, оларға заң аясында өздерінің кеңесін беріп, шешу жолдарын қарастырды.
