ҚОРҚЫТ АТА КӨШЕСІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІНСЕ

1  715 көрілім

Біздер Түркістан қаласы, Қорқыт ата көшесінде бірнеше жылдан бері тұрамыз. 7-ші бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды. Оларға рахмет әр үйдің алдына тоқтап адамдарды мінгізеді. Қайтарда да жолаушының қалаған жерінде үйінің алдына түсіреді. Ешқашан ренжімейді. Себебі 5-6 шақырым жол бойында арнайы аялдама жок. Автобусты қақиып тұрып күту өте қиын.

Нашар салынған жолмен ауыр салмақты жүк тасушы машиналар үздіксіз жүргендіктен, жол бұзылуда. Қорқыт ата көшесінде халықтар барын, оқушылар мен қарт адамдар барын қала басшылығы ескеріп, сапалы жол салуға ықпал жасалса деген ұсынысымыз бар.

Қорқыт ата көшесінің тұрғындары атынан:

Н.СЕЙСЕНҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы