ЖАСТАР ЖАЗ КҮНІНДЕЙ ЖАЙНАСА

1  972 көрілім

Соңғы уақытта жер жүзін жайлаған пандемия салдарынан көпшілік шаралардың кейінге қалдырылып, сақтық талаптары басты назарға алынғаны белгілі. Соның салдарынан барлық аймақта қоғамдық ортада еркін жүру қиынға соқты. Әуелгі кезде көпшілік мұндай талаптарды жатырқай қабылдады. Дегенмен әрбір жанның саулығы басты орында екені ол үшін мемлекет барлық шараларды қолға алғаны белгілі.

Міне, осындай қауіпті кезеңнің соңына таяғандаймыз (лайым солай болсын). Аталмыш ауруға шалдыққандар саны азайып күн өткен сайын індеттің беті сейіліп келеді. Осылайша түрленген Түркістанның саялы орындарында сағынышқа айналған басқосулар сақтық талаптарын ескере отырып жалғасын тапса деген тілектер айтыла бастады.

Ұсыныстардың нәтижесі де жоқ емес. Таяуда қаламыздың белсенді, өнерлі жастары бас қосып, «Домбыра Party», «Гитара Party» шарасын ұйымдастырды. Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің, «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен өткен көңілді кеш, өте мағыналы болды. Жастар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көзайымына айналды. Шарада классикалық әндер, дәстүрлі күй мен заманауи әндер қатар шырқалып, керемет үйлесім тапты.

Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев: «Жастардың көңілінен шыққан бұл көңілді шара алдағы уақытта да дәстүрге айналады деп сенемін. Қаламыздың барша жастарын осындай керемет бастамаларға қолдау білдіріп, қатысуға шақырамын»,- деп игі шараның жалғасын табуына ниетті екендігін білдірді. Бұл ретте індеттің ауылы келмеске кетіп, жан жадыратар жаз күнінде жастар да жадырап жайнай түссе деген тілектің қылаң беріп тұрғанын айта кеткен жөн.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы