ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

1  334 көрілім

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдарылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, айттық айтқандық емес. Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Басты қадағалау заң қызметкерлерінен болуға тиісті. Әрине соған қарамастан, арамызда лауазымын асыра сілтеп, жемқорлар санын көбейтушілер жоқ емес. Жемқорлық тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі. Бізде заң көп, бірақ парақорлық сол заңның орындалуына кедергі келтіруде. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық өмір сүріп тұрғанда, бізде ешқандай заң жүзеге аспайтыны анық.

Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық әр түрлі сипатта болады. Соның ішіндегі ең қауіптісі – парақорлық. Әрине сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан, онымен күресу ымырасыз, тоқтаусыз және барынша қатал түрде жүргізілуі тиіс. Дегенмен, жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Бұл тарапта заңгерлердің әрекеті проблеманы толыққанды шешуге аздық етеді. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла дертпен күрескеніміз абзал.

М.ИСАБАЕВ,

Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Мәжбүрлеп өндіріп алу және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары