МИННИБИКЕ ҚАЛАЙ МАРИЯ АТАНДЫ

1  848 көрілім

Миннибике Исмаилқызы Агишева 1947 жылдың тумасы. Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында туып өскен. Балалық шақтары зұлмат соғыстан кейінгі ауыр жылдарға тап келген, яғни ерте есейген буындардың бірі. Содан да болар, 1960 жылы 13 жасында Түркістан қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, 1964 жылы 17 жасында бітіреді. Киелі қалаға тағдыры айдап келген болар, 1966 жылы түркістандық жігітке тұрмысқа шығып, өмір айдыны жаңа арнадан бастау алады. Білімін жетілдіру мақсатында 1969 -1974 жылдары Шымкент қаласындағы педагогикалык институтқа оқуға түсіп, ойдағыдай бітіреді. Бақытын қазақ жігітінен тапқан башқұрт қызы дүниеге 3 қыз бен 1 ұлды әкеліп, бүгінде осынау ұл-қыздарынан 9 немере, 3 шөбере сүйіп, олардың қолынан май жалау нәсібі бұйырған бақытты әже. «Дарақ бір жерде көгереді» дегендей, 42 жыл бойы кешкі мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беріп, білім саласында абыройлы еңбек еткен ұлағатты ұстаз. Еңбек ардагері бүгінде 74 жаста, көпжылғы ұстаздық еңбегінің зейнетін көруде. Башқұрт қызы Миннибике қазақ келіні атанған күннен бастап қайын жұрты арасында Мария келін, ал, әріптестері арасында Мария апай атанған. Бұлай аталуы есімінің қиыннан қиыстырылған ерекше әрі есте сақтауға ұзақтау болғандығынан болар, сірә.

Осы орайда қазақ тілін өз ана тіліндей жетік меңгерген башқұрт қызы Миннибике Исмаилқызының өзін тыңдасақ: – Менiң әкем де, анам да қазақ ауылында өстi. Ұлтым – башқұрт. Ес бiлгелi қазақ тiлiн жетiк меңгердiм. Өйткенi қазақ балаларымен бiрге өстiк. Барлығымызға Наурыз мерекесi ортақ болатын. Қазақ ұлтының кеңпейiлдiлiгi мен қонақжайлығына қайран қалатынмын. Ешқашан бiздi ұлтқа бөлген емес. Қазақ тiлi мен салт-дәстүрiн бiлiп өскен менi, көпшiлiк башқұрт қызы деп ойламайтын. Тағдырдың жазуымен киелi топырақ Түркiстанға оқуға келдiм. Ойдағыдай аяқтап, 1979 жылдан берi Түркiстан қалалық кешкi мектепке орналасып, жастарға сапалы бiлiм бердiм. Өмiрiмнiң 40 жылдан астам уақытын ұстаздық жолға арнап, зейнеткерлiкке шықтым.

Осында өмiрлiк жолдасым Анарбек Ашировты кездестiрiп, қазақ жiгiтiне аяулы жар, үлкен әулетке келiн болдым. Қазақ ұлтына тұрмысқа шығатынымды естiгенде әкем еш қарсылық танытпай, өзi қолдан ұзатып берген болатын. «Үш қызымның бiреуiн қазаққа беремiн»,- деп жиi айтып отыратын. Өйткенi бiз қазақтардан көп жақсылық көрдiк. Аллаға шүкiр бүгiнде үш қыз, бiр ұлымыз бар. Тек жолдасым өмiрден ерте өтiп кеттi. Қазiр ұлым Берiк пен келiнiм Эльвираның қолындамын. Бақытты әжемiн.

Елбасымыз Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың көреген саясатының арқасында бiздiң елiмiзде өзге ұлттардың құқықтары қорғалған. Ешкiм өзге ұлт өкiлдерiн «сенiң ұлтың басқа» деп кемсiтпейдi. Барлығы тең дәрежеде өмiр сүруде. Әр ұлт өзiнiң тiлiн, өзiнiң салт-дәстүрiн сақтап отыр. Бiз Қазақстанды өзiмiздiң Отанымыз деп санаймыз. Мен осындай өлкеде тұрғаныма, қазақтың келіні атанғаныма қуанамын. Мұнда менiң аталарым, әкем мен анам тұрған, ендi бiз тұрып жатырмыз, балаларымыз да осында тұрады. Қазақстан – құт мекенім. Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деп игі тілегін жеткізген Миннибике Исмаилқызына, яғни Мария апамызға біздің де алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Л.ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы