- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласы əкімдігінде Түркістан облыстық жəне қалалық сотының ұйымдастыруымен “Шешілмейтін дау жоқ. Еңбек даулары жəне оларды шешу жолдары” тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Түркістан облысы бойынша еңбек инспекциясы басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Қ.Төлебаев, Түркістан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Т.Бекімбетов, Түркістан қалалық сотының судьясы Қ.Шыңғыспаева жəне өзге де мамандар қатысып, тақырып аясында əңгіме өрбітті.

– Қазіргі уақытта əрбір өңірде еңбек даулары жөнінде пилоттық жоба жүріп жатыр. Бұл тұста Түркістан қаласы да шетте қалмайды. Өңірде денсаулық сақтау, білім салаларында даулы мəселелер көптеп кездеседі. Мақсат – бірлігі жарасқан, бір-бірімен тату күн кешуді алға қойған орта қалыптастыру. Өткен жылдармен салыстырғанда еңбек дауы азайған. Дегенмен, бұл қол қусырып отыруға мүмкіндік бермейді. Мүлде жою үшін білек сыбана кірісу керек, – деді Түркістан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Түгел Бекімбетов.
Бүгінде Түркістан облысында 12 мектепте медиация кабинеттері ашылған. Алда бүкіл өңірді қамтуды жоспарлап отыр. Жазғы демалыс уақытында ашылғандықтан əзірге түйінді мəселелер мəселелер шешіле қойған жоқ. Дегенмен, қыркүйек айында білім мекемесінде орын алып жатқан мұғалімдер, балалар арасындағы даулар сотқа дейін шешіліп, бір ізгілікке келетініне сенімді.

Жиын соңында еңбек инспекциясы мен облыстық сот меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта даулы мəселелердің түйінін бірге шешу үшін жұмыла жұмыс істемек.
“Түркістан-ақпарат”.