ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ – МƏДЕНИЕТТІ КӨТЕРУДЕГІ НЕГІЗГІ МƏСЕЛЕ

1  536 көрілім

Түркістан облыстық отбасы академиясы мен қалалық жастар ресурстық орталығының жанындағы әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторының ұйымдастыруымен учаскелік полиция инспекторларына арналған «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. «Өнеге» жобасы бойынша өткен іс-шарада жергілікті полицейлер бірнеше топқа бөлініп, «миға шабуыл» логикалық ойындар мен сұрақтарға жауап беру арқылы таным-көкжиегін танытты.

–  Республика көлемінде маусым айынан бастап отбасы құндылығын сақтау бойынша жұмыстар бастау алды. Бұл мəселе бүгінде 9 өңірде қамтылуда. Ал, біздің бастаған жұмысымыз үшінші айға қадам басты. Жоба жетекшісі ретінде алдымен мамандарды жинадық. Олар ірі қалаларда оқып келіп, енді сол тəжірибелерін полиция қызметкерлеріне бөлісуде. Бүгін жиырма қызметкер болса, алда барлығына да осылай тренингтер кезегімен өтілетін болады.

  Қиын жағдайға түскен жандармен кездесіп, бір айдың ішінде бес отбасыға көмектесіп, оларға учаскелік полиция инспекторларымен бірге бардық. Мəселен, бір отбасында күйеуі араққа салынған. Жұбайы бет-аузын көкала қойдай етсе де, əйелі арыз береді де, кейіннен қайта алады. Ол əке балаларына қандай өнеге көрсете алады? Енді ол кісіні емдеуге жіберіп, отбасын сақтауға, тыныштығын қамтамасыз етуге атсалысамыз. Облыс орталығының мəдениетін көтеру үшін алдымен зорлық-зомбылықты жою керек, – деді Түркістан облыстық əйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова.

 

Академия бұдан алдын 29 жасқа дейінгі 500 жас қамтылған əлеуметтік сауалнама жүргізген. Бұл арқылы отбасын құрайын деп отырған жандарға тұрмыстағы құндылықты танытуды көздейді. Осы ретте, қыркүйек айынан бастап мектептегі психологтар мен социологтардың санын көбейту, көпбалалы отбасындағы балаларды үйірмелерге беру жоспарланып отыр. Бүгінде республика бойынша ажырасып жатқан жас отбасылар 50 пайызды құрап тұр. Ал, Түркістан қаласында 5-6 баласы болса да, заңды некеде тұрмаған отбасылар көп болып шыққан. Сонымен қатар, жанұялармен тілдесу нəтижесінде көптеген ата-аналардың орта біліммен қалып қойғандығы да белгілі болған. Мамандар, бұл да балалардың тəрбиесіне көңіл бөлуге салғырттық танытудың бір себебі дейді.

  “Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы