«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

3  622 көрілім

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» деп бекер айтпаған. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда, Сауран жалпы орта мектебі кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.

Шараның мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. Акцияға қатысушылар алдымен «Сыйға тартылған кітаптар» көрмесімен танысты.

Сонымен қатар, кітапхана қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру, балаларды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға аталмыш білім ордасының ұстаздары мен бітіруші түлектер қатысып көптеген құнды кітаптарды қорға тарту етті. Сауран жалпы орта мектебінің директоры Гүлбағила Қаражанова өз атынан құнды кітаптар ұсынып, акцияға атсалысқан қатысушыларға алғысын білдірді.

Шара барысында аталмыш мектептің 6 – сынып оқушылары И.Айнабек, Б.Сәрсенбек, Ж.Абен, Ж.Мырзабек, А.Тұрсынбек, А.Тұрсымбет т.б оқушылар өз жыр шашуларын, әндерін, көркемсөз оқумен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айгүл ЖҮСІПБЕКОВА,

Сауран жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы