БІЗ ОСЫНДАЙ ҰСТАЗДАРМЕН МАҚТАНАМЫЗ

726 көрілім

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға», – деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – қадірлі мамандық. Мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына өз үлесін қосып, аянбай еңбек етіп отырған «Қосқорған» жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бахытжан Бабажанов туралы сөз қозғағым келіп тұр. Ол өзінің тынымсыз ізденімпаздығының, ерең еңбегінің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Атап айтсақ, бір аптаның ішінде 3 жетістікке жеткен ізденімпаз ұстаз қалалық «Үздік өзін-өзі тану кабинеті» байқауына қатысып ІІ орынды иеленсе, облыстық 5-8 сынып жетекшілер байқауында «Ұлт болашағының жанашыры» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар қалалық «Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі» байқауына қатысып, ІІІ орынға ие болған Бахытжан Паччаханұлын Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты өзін-өзі тану пәнінің әдіскері Сапарбаева Фарида Темірханқызы Алғыс хатпен марапаттады.

Бахытжан Бабажанов – өз ісінің шебері, пәнін жетік меңгерген білікті ұстаз. Осындай жол көрсетер ұстаздарымызды мақтанышпен айтамыз. Ендеше өз ісінің шебері, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, өмірде өзі де бақытты болып, өзгені де бақытты еткен Бахытжан Бабажановқа жас ұрпақты тәрбиелеуде ешқашан шаршамаңыз дей отыра, шығармашылық табыс тілейміз.

Умида МАМИТОВА,

«Қосқорған» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы