- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қалалық ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері қоғамдық ұйымы мен «Бітімгер» қоғамдық ұйымының ұсынысымен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай түркістандық бірқатар азаматтарға естелік медальін табыстаған болатын.
Соның ішінде Семей полигоны ардагерлерінің мүшесі Бағдаулет қажы Тыныбекұлы да бар. Естелік медальді Түркістан қалалық ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Батырхан Сансызбаев ардагердің үйіне барып, арнайы табыстады.
Бағдаулет Тыныбекұлы 1955 жылы 20 ақпанда Түркістан қаласында туған. 1974 жылы әскерге шақырту алып, 1974-1976 жылдары Семейде Отан алдындағы борышын өтейді. Әскерден оралған соң 1980-1989 жылдары қаламыздағы ішкі істер органында қызмет атқарады.
2019 жылы Меккеге қажылыққа барған Бағдаулет қажы бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Өмірлік жары Сәрсенкүл апа екеуі ұлдарын ұяға, қызын қияға қондырып, 9 немере сүйіп отырған бақытты ата мен әже.