ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ 200-ГЕ ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

733 көрілім

Түркістан облысында Отан қорғаушылар мерекесі күні 182 сәби дүниеге келді. Оның 88-і ұл, 94-і қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Сондай-ақ, бір ана егіздерді дүниеге әкелді.

Айта кетейік, мереке күндерінде кезекші ауысымда нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын атқарды.

Жалпы, жыл басынан бері бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал, сәби өлімі 27,7 пайызға азайған. Осы орайда, ана мен бала саулығын сақтау бағытында іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек. Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Жыл басынан бері 20 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы