УНИВЕРСИТЕТ СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

2  161 көрілім

Жоғары оқу орындары арасындағы XI жазғы универсиаданың бокс (ерлер, қыздар) спорт түрінен өткен жарыс өз мәресіне жетті. Былғары қолғап шеберлері өз оқу ордасының намысын қорғап бақты. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста командалық есеп бойынша әйелдер және ерлер арасындағы жеңіс Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің еншісінде.

Жалпы командалык есеп бойынша кыздар арасында – І орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне, ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, ІІІ орын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне бұйырды.

Ал, ерлер арасында жалпы командалық есеп бойынша І орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ІІІ орын Халықаралық туризм және меймандостық университетіне бұйырды.

Айта кетейік, тартымды додада жеңіс тұғырынан көрінген спортшылардың жаттықтырушылары Еркебұлан Купесов, Көпжасар Баетов, Мақсат Дайрабаев, Биназар Баетов есімді азаматтардың еңбектері елеулі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы