Тайвань мемлекетінде дзюдодан 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты мәреге жетті. Әлем біріншілігіне іріктеу жарысы болып табылатын байрақты бәсекеге Қазақстан құрама командасы 19 спортшысын үкілеп апарған болатын. Қуаныштысы сол, 81 келі салмақта өнер көрсеткен түркістандық Айдар Арапов Азия чемпионы атанды. Айдар 1-ші белдесуде кореялық дзюдошыдан айласын асырса, 2-ші белдесуде индиялық қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Ал, ақтық сында жергілікті балуанды иппон әдісімен таза жеңіп, Азияда мықтылығын дәлелдеді. Жарайсың Айдар!
Р.ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».

ТАЙВАННАН ЖЕТКЕН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ
1 484 көрілім