ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

3  169 көрілім

Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Биыл соғыс өртінің сөнгеніне 76 жыл толып отыр. Сонау XX ғасырда басымызға төнген ауыр күндер сіздер мен біздер үшін қасық қаны қалғанша күресіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен азаматтардың арқасында артта қалды.

Сол кезде мемлекетімізден Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған болса, соның ішінде қаламыздан 18 мың 547 азамат соғыс даласында қолына қару алып, фашизмнің сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді. Қан майданда қаһармандықтың үлгісін танытып, соғыс даласында саз кешіп, кеуделерін оққа тосқан сол кездегі жас жауынгерлердің жан қиярлық іс-әрекеттері ешқашан ұмытылмақ емес.

Тарихта бұрын-соңды болып көрмеген ең қан төгісті де қаһарлы соғыс біткен күн. Бұл соғыс көптен күткен Ұлы Жеңіс күнімен аяқталды. Бұл күнді әкелер-аналар, іні-қарындастар, аға-әпкелер, асыл жарлар, тіпті бүкіл халық тағатсыздана күтті. Ұлы Жеңіс үшін сұрапыл майдан даласында қаншама боздақ жанын пида етіп, теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Ұлы Жеңіс үшін Кеңес әскері қаншама түн мен күн етігімен су кешіп, мұз жастанып, қара жамылды, қанды майдан даласын басып өтті. Елбасымыз: «Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан тұтамыз. Сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс болмаса бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан болмас еді», – деген болатын.

Сондықтан еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Уақыт алмасады, Ұрпақ өзгередi, бiрақ Отанға сүйiспеншiлiк, ерлiк пен жауынгерлiк рухымыз өзгерiссiз қалады. Жеңіс туын желбіретіп, бейбіт өмір сыйлап, ортамызда жүрген жандардың дендеріне саулық, отбасына амандық, мағыналы ғұмыр кеше беруін тілеймін. Жеңіс күні құтты болсын!

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,

«Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы