ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН АРДАГЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ

1  236 көрілім

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгідей егемен еліміздің бейбіт ғұмыр кешуі Отан үшін жан кешкен батырларымыздың арқасында. Бұл айтулы күндер – ұрпақ санасында елдігіміздің қадір-қасиетін жаңғыртатын бірегей мереке. Тәуелсіз елдің тағдыры үшін соғыста жеңіске жеткен қаһармандарымыздың әскери мерекесімен бірге отан қорғаушыларымыздың мерекесінің сабақтастығы болған күн.

«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ер қолында» – деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз.

Сонау сұрапыл соғыста әскерилеріміз үшін аянбай еңбек етіп, тер төккен тыл ардагерлерінің де бұл жеңіске қосқан үлесі көп. Осындай мемлекетіміздің мәнді өмір сүруі мен ұрпағымыздың амандығы өз өмірлерін қиып, соғыста ерлік көрсеткен тұлғаларымыздың арқасы. Осы күнде, жеңіс туын желбіреткен, жанкештілік пен ұлтжандылықтың көрінісі болған ардагерлерімізге басымызды иіп, шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды…

Р.АЮПОВ,

Түркістан қаласының әкімі.

М.ТАҢҒАТАРОВ,

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы