Құрметті ардагерлер, қадірменді жерлестер!

2  237 көрілім

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Сонымен бірге, бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – Отан алдындағы адал еңбек пен асқан ерліктің жемісі. Бүгінгі ұрпақ, аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы айтулы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құнды-лығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық Ұлы күн!

Мемлекетімізден Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Сол отты жылдары қаламыздан 18 мың 547 азамат майданға аттанса, соның 15 мың 960-ы Жеңіс туын көтеріп туған жерге оралды. Ал, бүгінде солардың небәрі 3-і ғана арамызда тіршілік етіп келеді. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» – деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы деп есептеймін. Осы ұлы парыз жолында мемлекеттік тұрғыдан Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің және тыл еңбеккерлерінің тұрмысын жақсартуға үнемі мән беріп келеді. Сондай-ақ, ардагерлерімізге деген қамқорлық пен құрмет үнемі жалғасын таба беретін болады.

Құрметті түркістандықтар!

Сондықтан еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Уақыт алмасады, Ұрпақ өзгередi, бiрақ Отанға сүйiспеншiлiк, ерлiк пен жауынгерлiк рухымыз өзгерiссiз қалады. Ендеше, Ұлы Жеңiс күнiнде баршаңызға ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ пен береке, елiмiз бен жерiмiзге бейбiт өмiр тiлеймiн. Баршаңызды тағы да Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,

Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы