ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

790 көрілім

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақ ұлттық өнер университеті өзара ынтымақтастық пен достық, білім және мәдениет саласындағы бірлескен меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, бірқатар жобалар талқыланды. Алдағы уақытта білім мен мәдениет саласында тың дүниелер жүзеге аспақ.

Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу күтілуде. Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, Орталық Азия өңірінде мамандар мен студенттерді тарта отырып, туризм индустриясы мен қонақжайлылықты дамыту саласында бірлескен конференциялар, академиялық кездесулер, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Ендігі кезекте Қазақ ұлттық өнер институтының ректоры көрнекті скрипкашы, ҚазССР Халық әртісі Айман Мұсаходжаева мен оқу орынның ректоры Жанар Темірбекова меморандум аясында тығыз байланыста жұмыс жасайтын болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы