ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

1  291 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға екі қала тұрғыны келді. Оның алғашқысы – Бектұрсын Гүлзипа, 25 жастағы жас ананың 2 баласы бар. Гүлзипаның базынасы 2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекті алған. Одан кейін ІІ тоқсанға алуға өтініш білдірсе, жолдасының атында жылжымайтын мүлік болғандықтан берілмейтіндігін жеткізді. Осы мәселені алға тартып келген қала тұрғыны өтініші жауапты мамандарға жеткізуін сұранды.

Қабылдауға келген келесі азаматша Мөлдір Халилаева. Мұңайтпасов көшесі №87 үйдің тұрғыны. Ол Мұңайтпасов пен Кеңесары көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатса деген өтінішін білдірді. Себебі, осы қиылыста көліктің соқтығысуы жиі орын алып, мектеп оқушыларының ары-бері жүруіне қауіпті дейді. Бұл бойынша биліктегілерге жеткізгенімен, әлі шешімі табылмағанын тілге тиек етті. Инара Әбдіғаппарқызы қабылдауға келген қос ананың да өтініш-тілектеріне қатысты жауапты сала мамандарына депутаттық сауал жолдап, шешімін табуға атсалысатын болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы