АҚСАҚАЛДАР ШАҺАРДЫ АБАТТАНДЫРУҒА КІРІСТІ

772 көрілім

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен қаланы абаттандыруға арналған жиын болып өткен болатын.

Шараға қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов және жауапты салалық басқарма басшылары мен аудан, қалалардың қаланы абаттандыруға және белгіленген секторларға жауапты мамандары қатысты.

Жиында облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Түркістан қаласын көгалдандыру туралы тапсырмасына сәйкес, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып, облыс орталығындағы 9 мөлтек аудандағы 850 көше бойына егілген ағаш көшеттерінің өсіп шығуы үшін оларды күтіп-баптау жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тарту мәселесін қолға алды. Қазіргі таңда Түркістан қаласы 32 секторға бөлінген. Әр аумаққа аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары жауапты ретінде белгіленген. Облыс орталығы «Жасыл белдеу» аймағындағы көшеттердің суарылуы басты назардағы мәселе. Осы орайда, жиында айтылған мәселелерді қолға алу бағытында облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Ақсақалдар алқасы қаладағы Қазыбек би көшесінің бойына шырша егіп, көпшілікке үлгі бола білді. Мұндай игілікті шара алдағы уақытта көпшілік тарапынан қолға алынатын болады.

– Түркістан қаласына Қазақстанның әрбір өңірі, тіпті түркі елдері қамқорлық-пен қарап, өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан тұста – біздің жұмыла әрекет етіп, қаланы жасыл желекке айналдыруды басты мақсат етіп алғанымыз жөн. Осыған байланысты барлық жауапты сала мамандарын, ақсақалдарды, жастар қауымын, жалпы қала тұрғындарын егілген әр ағашқа қамқорлықпен қарап, бірігіп әрекет етуге шақырамын, – дейді облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы