ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫМЫЗ ҚР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

1  717 көрілім

Республикалық ұлттық мектеп лигасында Түркістан қаласының волейболшылары ҚР чемпионы атанды. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен өткен чемпионатқа Түркістан облыс орталығынан 10 спортшы қызымыз қатысып, өздерінің бақтарын сынады.

Республиканың түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналған жарысқа Түркістан қаласынан Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп гимназиясының 9-11 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде оқ бойы озық шығып, өзгелерден дара шапқан волейболшыларымыз жеңіс туын желбіретті. Айта кетерлігі, жарыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жеңімпаздарға сайыс нәтижесі бойынша арнайы кубокпен қоса, медаль және грамоталар табысталды.

Өз қаламыздан осындай чемпиондардың шығып жатқандығы көңілге қуаныш ұялатқаны сөзсіз. Жас волейболшыларымыздың болашағына сәттілік тілеп, талай сайыстың бас жүлдесін қанжығасына байлап ораларына сенеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы